Кәсіподақ әлiппесi
- Версия 2
- Скачать 57
- Размер файла 5.44 MB
- Количество файлов 1
- Дата создания 7 февраля, 2023
- Последнее обновление 7 апреля, 2023
Кәсіподақ әлiппесi
Өз қалауы бойынша кәсіподақтар құру немесе оған кіру еркіндігі – ұлттық заңдармен, көптеген елдердің конституцияларымен, халықаралық нормалармен бекітілген адамның негізгі құқықтарының бірі. Кәсіподақ қызметі үшін ешкімді жазалауға және қудалауға болмайды. Сонымен қатар, заңдар кедергі келтірмеуді қоса алғанда, кәсіптік одақтардың жұмыс істеуі үшін қалыпты жағдай жасауды бұйырады.
Кәсіподақ қозғалысының азаматтық қоғам мүдделерінен өзге мүддесі жоқ. Сондықтан олардың рөлін Біріккен Ұлттар Ұйымы және Халықаралық Еңбек Ұйымы (ХЕҰ) сияқты халықаралық демократиялық қоғамдастықтың консенсусын білдіретін институттар мойындайды.
ХЕҰ, атап айтқанда, «кәсіподақ қозғалысының негізгі және тұрақты миссиясы, бұл – экономикалық және әлеуметтік әлауқат» екенін мойындайды, ал БҰҰ- ның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактісі Пактіге қатысушы мемлекеттерді «әр адамның өзінің экономикалық және әлеуметтік мүдделерін жүзеге асыру және қорғау үшін кәсіптік одақтар құру және өз қалауы бойынша соларға кіру құқығын» қамтамасыз етуге міндеттейді.
Сонымен, біріктіру еркіндігі – адамның маңызды құқықтарының бірі, оны үкіметтер мен халықаралық ұйымдар мойындайды, бірақ бұл біз үшін нені білдіреді? Басқаша айтқанда: бізге кәсіподақ не үшін керек?