Қазіргі қоғамда адамның еңбегі аса зор мәнге ие. Біздің өміріміз қаншалықты күрделене түссе де, ғылым мен техниканың, жоғары технологиялар саласының қандай да болсын жаңа жетістіктерге қол жеткізсе де, адамның еңбегі қоғамдық байлық тудырады, жасанды сананы да, заманауи ғимараттар мен құрылыстарды да, бір сөзбен айтқанда инфрақұрылымға жататынның барлығын құруға мүмкіндік жасайтыны әлі де рас болып отыр. Еңбек материалдық құндылықтарды ғана қалыптастырып қоймайды, онымен қоса қоғамның рухани дамуын асылдандыра түседі. Алайда, еңбек бұл жасампаздық ғана емес, сонымен қатар миллиондаған аламдарлың тіршілік етуінің көзі болып табылады. Қазіргі таңда солай болып отыр және бұл жағдай жақын арада да өзгере қоймас. Еңбектің тағы бір ерекшелігі бар, және оны әрдайым есте сақтау керек. Еңбекті адам жасағандықтан ол шартпен тығыз байланыста болады. Біздің қоғамның кез келген бір тіршілік әрекеті саласында өз-өзімізді дамыту, жетістікке қол жеткізу және өзіміздің және жақындарымыздың лайықты өмір сүруі үшін қаражат алу ынтамыз бұл үшін жағдай тудыра алатын адаммен яғни жұмыс берушімен келісу қажеттілігін болжайды. Шарт бұл өркениеттің ең үлкен табысы, және ол бұрығы мен қазіргі заманның көптеген орасан зор жаңалықтарымен қатар тұр. Шарт қазіргі уақытта біздің азаматтарымыздың көбі түсетін барлық еңбек қатынастарының ажырамас серігі болып отыр. Міне, сондықтан әр адам еңбек шартының барлық қыр-сырлары туралы білуі қажет. Өйткені, еңбек қатынастарын басқалай құру да мүмкін емес. Еңбек шарты бұл еңбек қатынастарын құру бағытындағы өзінше бір тұсбағдар болып табылады.