Құрметті оқырман берілген басылымда біз еңбек шартын тоқтату секілді өзекті құқықтық, тәжірибелік мәселе туралы айтамыз. Өмірде бәрі «өтеді және барлығы өзгереді», әсіресе заманауи Қазақстанда қалыптасқан нарықтық экономика жағдайында. Біз жұмысты жиі ауыстыруымыз мүмкін және бұны ешкім талқыламайды. Бұл, белгілі бір шамада жұмыскердің жұмылғыштығының, сұраныста болу көрсеткіші. Бұл құбылыстың себептері әртүрлі. Біреулер көбірек еңбекақы өленетін жұмысты табады, ал біреулерге еңбек жағдайлары ұнамайды, сөйтіп ол жаңа жұмыс берушіні іздейді, басқалары тұрғылықты жерн өзгертіп, бөтен қалаға кетеді. Алайда, осындай ұқсас шешімдердің жағдайы қандай болғанына қарамастан, олар қазіргі жұмыс орны бойынша еңбек құқық қатынастарын тоқтатумен әрдайым байланысты болады. Сондықтан, құрметті оқырмен, еңбек құқық қатынастарын тоқтату деген не, оның негіздері, түрлері, құқықтық салдары қандай екенін талқылауымыз керек.