Бала еңбегі көптеген заманауи елдерде, соның ішінде Қазақстанда да өзекті мәселе болып отыр. Ол халықаралық құқық қорғау ұйымдарының әртүрлі баға беруін тудырады. Балалардың еңбегі, бір жағынан – ұнамсыз құбылыс, себебі, бала мектепке бару керек, білім алу керек, ересек өмірге дайындала отырып, білімді болуы қажет, және, әлбетте, балаларды ең шеткі, аса қауіпті еңбекке жегуге жол берілмеуі тиіс, себебі бұл нағыз қанау болып саналады. Екінші жағынан, көптеген балалар жұмыс істейді, ал еңбекті кәмелетке толмағандарды тәрбиелеудің маңызды факторы деп, өздерінің қажеттіліктеріне жұмсай алатын, жақындарына көмектесу үшін пайдалана алатын балалардың табыс табу көзі ретінде қарастыруға болады. Осы орайда, кәмелетке толмағандарды қанаудаға қарсы берік тосқауыл қоятын және балаларға қатысты әлеуметтік әділетсіздікке жол бермейтін олардың еңбегін құқықтық реттеу аса маңызды болып отыр. Осы басылымда құрметті оқырман, жасөспірімдердің еңбек қызметінің құқықтық тетіктері туралы, олардың еңбек құқықтарын қорғау туралы әңгімелейміз. Балалар – біздің болашағымыз, міне сондықтан, осы келешегіміз үшін лайықты әлеуметтік негіз құруымыз қажет.